Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған қызметкерлердің отбасына пәтер қашан беріледі? Тоғжанов жауап берді
Тоғжанов тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында екенін айтты.
"Қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде күш құрылымдарының 19 қызметкерінен, оның ішінде шекара академиясының үш курсантынан айырылғанымыз баршаға аян. Бүгінде нақты шешім бар, 13 мәселе шешілді, баспанамен қамтамасыз етілді. Қалған алтауына, оның ішінде курсанттарға қатысты өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 26 сәуірге дейін шешіледі", - деді премьер-министрдің орынбасары Мәжіліс отырысында.
Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаза тапқан полицейлер мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің отбасына өтемақы төленетінін айтқан болатын.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.