Польша өз аумағында АҚШ-тың ядролық қаруын орналастыруға дайын екенін мәлімдеді

2022-04-04 08:20:19
Польша премьер-министрінің орынбасары, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Ярослав Качиньский Welt am Sonntag басылымына берген сұхбатында елінің аумағында АҚШ-тың ядролық қаруын орналастыруға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап.

"Егер америкалықтар бізден Польшада атом қаруын орналастыруды сұраса, біз бұған дайынбыз. Бұл Мәскеуді оқшаулауды айтарлықтай арттырады", - деді Качинский.

Качиньский сондай-ақ АҚШ-тан Еуропадағы америкалық әскер санын көбейтуді сұрады. Сондай-ақ, әскерлердің басым бөлігін НАТО-ның шығыс қапталына орналастырылуы керек екенін айтты.

"Польша Ресейдің үнемі өсіп келе жатқан агрессивтілігі аясында АҚШ-тың қазіргі 100 000 сарбазын 150 000-ға дейін көбейтуді құптайды. Бұл ретте шығыс қапталға, яғни Ресеймен шекараға 75 000 сарбаз орналастырылса, бір ғана Балтық және Польшада 50 мың жауынгер болуы керек", - деді саясаткер.

Оның айтуынша, Польшада НАТО-ның үлкен жедел басқару орталығын құру қажет, одан альянстың бірлескен операцияларын жоспарлап, өткізуге болады.

"Бұл Мәскеуге НАТО-ның жоғары деңгейі Шығыста да бар екендігінің айқын белгісі болар еді", - деді Польша премьер-министрінің орынбасары.
Польша өз аумағында АҚШ-тың ядролық қаруын орналастыруға дайын екенін мәлімдеді



Польша премьер-министрінің орынбасары Ярослав Качиньский

Качиньскийдің мәлімдемесіне түсініктеме берген Мәскеу Американың ядролық зымырандары орналасқан елдер Ресей үшін бірінші нөмірлі нысана екенін айтты.

"Мұны ешкім ешқашан жасырған емес... Және бұл ядролық зымырандардың қайда орналасқаны біз үшін маңызды емес. Ең бастысы, ол бізге үлкен қауіп төндіреді", - деді РИА Новостиге Ресейдің мемлекеттік сервитутын қорғау жөніндегі Федерация кеңесінің басшысы Андрей Климов.

"Осындай қақтығыс болған жағдайда бірден Польша зардап шегеді", - деп баса айтты.