Қызылордада 17 жастағы қыз бір аптадан бері іздестіріліп жатыр 2
Барлық әлеуметтік желілерде Айдана Тұраланың сипаттамасы мен суреттері жарияланып жатыр.
"Айдананы іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен облыстық полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды, еріктілер де қосылды", - деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Полицейлердің айтуынша, қыз тірі, жақын арада табылады.
"Іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Қыздың таныстары мен достарынан сұрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны тапқан бойда халыққа дереу хабарлаймыз", - деп қосты полицейлер.
Қыздың бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, шашы қара, қысқа. Кәмелетке толмаған қыз туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер 8 (7242) 29-75-20 телефоны немесе 102 арнасы арқылы полцияға хабарлауды сұраймыз.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.