Павлодар облысында иттер қорадағы қойға шапқан

Поделиться:
Павлодар облысында жеке тұрғын үйлердің бірінде иттер бір түнде ондаған қойға шапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде жеке тұрғын үйлердің біріндегі видео павлодарлық Instagram-топтардың бірінде пайда болды. Оқиға Павлодар облысындағы Көктас ауылында болған.

Фермер Сәрсенбай Құрымбаев иттердің даусынан оянып кеткенін айтады.

"Оқиға таңертең болды. Ағам сыртқа шығып, бірнеше ит жүргенін көрді. Ол иттерді қуып жіберіп бірден маған хабарласты. Қашаның ішінде 13 қой болған, бәрін шауып кеткен. Тек бір қой қалған. Бірақ оның да сау жері қалмаған. Сондықтан бауыздауға тура келді", - дейді фермер Tengrinews.kz тілшісіне.

Ер адам бірден полицияға хабарласып, ветеринарлық қызметті шақырған.

"Оқиға орнына Павлодар облыстық ветеринарлық станциясының Ақсу бөлімшесінің басшысы Мират Тиқанов және Алғабас ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Ерболат Қосшығұлов келді. Фермердің сөзінше, жақын жерде орналасқан коттедж иелерінің қараусыз қалған иттері қойларды шауып кеткен", - деді Павлодар облысындағы Ветеринария басқармасының өкілдері.

Ведомство мәліметінше, оқиға бойынша барлық материал жергілікті полиция қызметіне жіберілген.

Одан бөлек, шаруа қожалығының иесі шабуыл жасаған жануарлардың арасында қаңғыбас иттер де болғанын айтады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также