Медеу маңына және Шымбұлаққа барар жолға блокбекет қойылды

Поделиться:
Медеу мұз айдыны және Шымбұлаққа баратын жолға блокбекеттер орнатылды, - деп хабарлайды Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Ведомство мәліметінше, биікке және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты тауларда қар көшкі жүру қаупі жоғары деңгейде. Мәселен, 25-28 наурызда Кіші және Үлкен Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні жүру қаупі бар. Сондықтан, "Казселезащита" мамандары "Медеу" маңы мен Шымбұлақ-Тұйық су тасжолы бойына бөгет қойған.

"24 наурызда таңғы сағат 8.40-тан сағат 10.40-қа дейін Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізілді. Бұл Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Жұмыс "Аваланчер" пневматикалық қондырғысы арқылы жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде 600 текше метр қар түсірілді", - деді департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.





"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туристер мен демалушыларды тауға шықпауға шақырады! Сақ болыңыздар!" - деп қосты бөлім өкілдері.


Бұған дейін алматылық құтқарушылар таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі жоғары екенін ескерткен болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также