«Қазақстан темір жолы» қызметкерлерінің жалақысы өсті

2022-01-27 16:22:33
Бүгін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ында Ұлттық компания директорлар кеңесінің отырысы өтті.


Оның қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер:

«Самұрық-Қазына» АҚ әзірлеген іс-шаралар жоспарын іске асыру қолға алынды;

ұлттық компанияның жаңа құрылымы бекітілді;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ өндірістік қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл мақсатқа компания 70 млрд теңге бөлген.