Павлодар тасжолында қарулы шабуыл жасалғаны туралы үрейлі ролик Қазнет қолданушыларын дүрліктірді.
Ол әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарады. Видео авторы Шідерті ауылының маңындағы жолда көлікке қарулы шабуыл жасалғанын айтып, жүргізушілерді ол жерде тоқтамауға шақырған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Тәртіп сақшылары көліктердің әйнегін ішімдікке сылқия тойып алған Байет ауылының тұрғыны сындырғанын хабарлады. Бұзақы ұсталды. Ол не үшін көліктерді ойрандағанын түсіндіре алмады.
"Полицейлер 5 желтоқсанда сағат 23:56-да WhatsApp мессенджеріндегі чатқа қираған көліктердің видеосын және осы автожол учаскесінде қарулы қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы дауыстық хабарлама жіберген жүргізушіні анықтады. Айта кетері, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды", - деп түсіндірді Павлодар облысы полициясының ресми өкілі Жанар Белялова.
Видео авторы ескерту алып, оңай құтылды. Полиция жалған ақпарат таратқандар ірі көлемде айыппұл арқалауы немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін еске салды.
Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/incidents/20211210/18871248/Shiderti-kemping-video.html
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии