«Шағын және орта бизнес: пандемияны бастан кешіру»* атты сауалнама барысында «Kaspersky» Қазақстандағы кәсіпкерлердің коронавирустық шектеулерге байланысты шығыстарды қалай қайта бөлгенін зерттеді, сондай-ақ олардың келесі жылға арналған жоспарлары туралы білді. ШОБ секторының көптеген өкілдері бюджеттің қысқартылған баптарын, мысалы, жарнама мен қызметкерлердің жалақысын қайтаруға дайын екені белгілі болды.

Осы зерттеудің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың наурызынан бастап Қазақстандағы шағын компаниялардың жалпы қаржылық әл-ауқаты 68%-ға төмендеді. Сұралғандардың жартысынан көбі (58%) соңғы уақытта байқалған қаржылық қиындықтар тұрақты болады, ал бизнес әрқашан нені инвестициялауды және нені үнемдеуді таңдауға мәжбүр болады деп санайды. Пандемия кезінде шағын компаниялардың 35%-ы бизнесті жарнамалауға және танымал етуге, 38%-ы көлік пен арнайы техниканы жалға алуға, сатып алуға және жөндеуге, ал 22%-ы қызметкерлердің жалақысын төмендетуге жұмсалатын шығындарды қысқартты.

Алайда, көптеген шағын және орта бизнес өкілдері болашаққа нық сеніммен қарайтыны анықталды, оған олардың қысқартылған шығыстар баптарын қайтаруға ниеттеі дәлел болып отыр. Осылайша, сұралғандардың көпшілігі қайтадан жарнама мен ілгерілетуге белсенді қаражат салуды (37%), сондай-ақ қызметкерлердің жалақысын көтеруді (32%), жабдық пен IT-ге инвестиция салуды (24% және тиісінше 32%) жоспарлап отыр. Кейбір қазақстандық кәсіпкерлер автомобильдерді жалға алу, сатып алу және жөндеу шығындарын қалпына келтіруді жөн көріп отыр, ақпараттық қорғау құралдары мен заң қызметтеріне ақша бөледі.

«Бизнестегі кәсіпкерлік белсенділіктің ұзақ «тоқырауынан» кейін «жылымық» басталғаны анық: адамдар шектеулер мен локлаундардан қорқудан шаршады, әрі қарай өмір сүруге тырысып жатыр. Енді бизнестің тиімділігіне тікелей әсер ететін шығыстардың айқын баптарынан басқа, кәсіпкерлер негізгі шығындар тізіміне цифрлық дамуға байланысты бірнеше позицияны қосады – бұл жабдықтарға, технологияларға және ақпараттық қорғауға салымдар, – деп түсіндірді «Kaspersky»-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов. – Біз өз тарапымыздан бизнесті цифрландыру кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де, сондай-ақ осындай компаниялардың өнімдері мен қызметтерін пайдаланатын тұтынушылар үшін де қауіпсіз болуы тиіс екенін еске салуды тоқтатпаймыз».

Шағын және орта бизнес цифрландыру жағдайында барынша ыңғайлы және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін «Kaspersky» бизнес иелеріне:

• арнайы жасалған «Шағын бизнеске арналған киберқауіпсіздік туралы шпаргалкада» жиналған IT шығындарын азайту, клиенттермен қауіпсіз қарым-қатынас жасау, фрилансерлермен жұмыс жасау бойынша тегін ұсыныстармен танысуды;
• қызметкерлерге қауіпсіздіктің негізгі шаралары туралы үнемі ескертуді: күдікті хабарламаларды ашпау, әр түрлі есептік жазбалар үшін күрделі және әртүрлі парольдерді ойлап табу және оларды жиі өзгерту;
• жүйелік әкімшіге жұмыс құрылғыларының қауіпсіздігін бір панельден қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін арнайы қорғаныс шешімдерін қолдануды ұсынады. Мұндай шешімдерге Kaspersky Endpoint Security Cloud кіреді.

* «Шағын және орта бизнес пандемиядан қалай өтіп жатыр» зерттеуін Arlington Research тәуелсіз зерттеу агенттігі 2021 жылы «Kaspersky»-дің тапсырысы бойынша әлемнің 22 елінде жүргізді. Сауалнамаға қызметкерлер саны 250 адамға дейінгі ұйымдардың 3 150 шешім қабылдаушы қызметкері қатысты.