Эпидемиология орталық ғылыми-зерттеу институты жүргізген толық геномдық секвенирлеу нәтижесінде тәулік ішінде алғашқы оң ПТР тесті бар екі науқастан омикрон штаммы расталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оңтүстік Африкадан келген он адамның барлығынан COVID-19 вирусы табылған. Ал штаммдары әлі анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, осы жылдың қараша айының соңына қарай коронавирустың жаңа түрі Ботсвана мен Оңтүстік Африкада табылды. Оның s ақуызында ондаған мутация бары нақтыланды. Бұл жасушалар ауруды қоздыруға жеткілікті. Зерттеушілер SARS-CoV-2 геномында көптеген жаңа өзгерістер барын және науқастар мен вакцинацияланғандардың қорғаныс антиденелеріне төзімділігін айтуда. Алайда қорытынды жасауға әлі ерте. Болжам бойынша, жаңа штамм СПИД немесе АИТВ-мен ауыратын, иммунитеті әлсіреген науқас ағзасында пайда болған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамына грек алфавитінің 15-ші әрпі бойынша "омикрон" атауын берілген. Омикронды ауырып тұрғандар мен вакцинацияланған адамдар да жұқтыруы мүмкін кенін айтылады. Алғашқы белгілері шаршау, бас ауруы мен дененің ауырсынуы.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии