1 желтоқсанда Атырауда 21 жастағы жігіт қалалық полиция басқармасына тергеуге барып, ғимараттан шыққан соң жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі azh.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылым өкілдері ол не үшін жауап алуға шақырылғанын білмейді. Журналистердің айтуынша, жігіт дәлізде біраз уақыт отырғаннан кейін көшеге шығып, содан байланысқа шықпаған. Анасының сөзінше, баласымен соңғы рет 30 қарашада кешкі жетіде сөйлескен, содан кейін телефоны өшулі болған.
Қазір әлеуметтік желілерде жоғалған адамның суреттері мен деректері тарап жатыр. Полиция қызметкерлері де іздестіріп жатыр.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии