Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті салық төлеуден жалтару дерегі бойынша «Компания Бурлингазстрой» ЖШС-не қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметтері бойынша, кәсіпорын басшысы Б.Өтегенов 2015-2019 жылдар аралығында салық декларациясына көрінеу жалған мәліметтер енгізген, осылайша 157 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған.
ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Б.Өтегенов сотталды, сондай-ақ, коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айырылды.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии