Қазан айымен салыстырғанда, қараша айында азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%-ға, азық-түлік емес тауарлар бағасы 1%-ға, ақылы қызметтер 0,3%-ға қымбаттады.
Жеке тоқталып өтер болсақ, жаңа жиналған көкөністер 8,3%, жұмыртқа 2,1%, ұн 1,5%, пастерленген сүт, жармалар, макарон өнімдері 1%-ға қымбаттаса, тоқаш және ұн өнімдері 0,9%, нан, құмшекер, шұжық өнімдері, жылқы еті 0,8%-ға, құс еті 0,7% -ға қымбаттады. Темекі өнімдерінің бағасы 1%-ға, алкогольді сусындардың бағасы 0,5%-ға артқан. Дегенмен, картоптың бағасы 1,4%-ға арзандаған.
Жанар-жағармай бағасы да қымбаттай түсті. Мәселен, дизель отынының бағасы 14,6%-ға, баллондағы сұйытылған газдың бағасы 13,6%-ға, тас көмірдің бағасы 3,7%-ға, бензин бағасы 2,4%-ға артты.
Фармацевтикалық өнімдердің де бағасы 0,7%-ға қымбаттай түскен.
Тұрғын үйді жалдау құны да 1,4%-ға қымбаттаған.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтердің де біршама қымбаттағаны байқалды. Мәселен, ыстық су 3,5%-ға, қоқыс шығару 1,3%-ға, электр энергиясы 0,5%-ға қымбаттаған. Ал орталықтан жылыту құны 1,3%-ға арзандаған.
Если вы считаете, что материал нарушает авторские права или содержит недопустимый контент — сообщите нам:
Оставьте ваш комментарий (будет видно Ваше имя):
Комментарии