28 қараша күні сағат 12:30- да құтқарушыларға Келес ауданы Ұшқын ауылындағы жекменшік тұрғын үйлердің бірінде төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Олардың бірі бала. Оқиғаның мән-жайын Түркістан облысы ТЖД баяндады, деп хабарлайды Otyrar.kz.


Тәртіп сақшылары тез арада аталған мекенжайға аттанды. Олар үйде 47 және 49 жастағы ағайынды азаматтар қайтыс болғанын анықтады. Сондай-ақ, оқиға орнында тұлғасы анықталмаған келіншек пен 3-4 жастағы баланың мәйіті жатты.

Өлімнің алдын-ала себебі - газға улану. Үй иелері ескі пешті табиғи газға айналдырған. Түркістан облысының ТЖД адамдар көбіне мұржадағы жабық жапқыштың салдарынан уланатынын атап өтті.

Кейбірі оны жылу кетпес үшін жабады. Бірақ пеш жұмыс істеп тұрған кезде оны толығымен кеңейту керек. Әйтпесе, улы газ бірден тұрғын үйге түседі.