Неліктен кейбір адамдар қылмыс жасайды, ал басқалары жасамайды? Қылмыстық мінез-құлық қалай пайда болады? Криминолог Владимир Кудрявцев өз пікірімен бөлісті.

Криминология қылмыс туралы ғылым ретінде пайда болғаннан бері ғалымдар адамда қылмыстық мінез-құлықтың пайда болуына не әсер ететінін түсінуге тырысты. Бұрынғы теоретиктер мен практиктер, себепті мысалы генетика мен психикалық бұзылулардан іздеуге тырысты, бірақ бұл жол ақиқатқа апармайтынын тез түсінді. Нәтижесінде кейбір ескеретін жайттары бар болса да, ең басты екі түсінік - үйрену және өзін-өзі қадағалау негіз ретінде алынды.

Қылмыстық мінез-құлықты үйреніп алуға болады

Американдық криминолог Эдвин Сазерленд 1930 жылдардың соңында қылмыстық мінез-құлық үйретіледі деп болжады. Адам оны (және де қылмыс жасаудың нақты тәсілдерін) өзі үшін маңызды адамдармен: достарымен немесе туыстарымен қарым-қатынас жасай отырып үйренеді. Сазерленд теориясын эксперименталды түрде тексеру мүмкін болмады.

1. Анықтама

Белгілі бір әлеуметтік топтың қылмыстық әрекетті сипаттайтын өрнектері оның өкілінің қылмыскерге айналуына немесе болмауына әсер етеді. Зерттеушілер бұл сипаттаманың үш формасын анықтады:

қылмыс ерлік, оң әрекет, мадақтауға лайық нәрсе ретінде қарастырылады;

қылмыс қажеттілік немесе өмір сүру үшін жасалатын әрекет ретінде қарастырылады;

қылмыс барлық айыпталуға лайық, дұрыс емес кәсіп болып саналады.

2. Бекітілу

Қылмыстық мінез-құлық жазаланбай, сонымен қатар табысқа, артықшылыққа, ләззат сезіміне байланысты болғанда ғана қабылданады.

3. Модельдеу

Қылмыстық мінез-құлыққа ұмтылыс біреуді немесе бір нәрсені бақылаудың нәтижесінде адамға еліктеуден пайда болады.

Егер баланың достары мен отбасы қылмыскер болса, ол да қылмыскер болып өседі. Қылмыстық немесе зорлық-зомбылық әрекеттің оң, позитивті түрде сипатталуы да қылмыс жасауға әкелуі мүмкін.

Дереккөз: nashideti.temaretik.com