Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой балаларды вакциналау қалай жүргізілетінін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Балаларды вакциналау әдетте мектептердегі екпе пункттерінде жүргізіліп келді. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация да жасөспірімдердің, кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ақпараттық келісімінен кейін білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Осы ретте облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері және ақпарат және қоғамдық даму, білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерімен бірігіп, коронавирусқа қарсы вакциналау мәселесі бойынша балалар мен олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, педагогтерге дұрыс ақпарат жеткізу керек”, – деді Цой.
Мектептерінде балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу үшін егу пунктері ұйымдастырылады.
"Балаларға вакцина білім беру ұйымдарында және Қазақстан бойынша егу пунктерінде салынады. Балаларға, кәмелетке толмағандарға, жасөспірімдерге ата-ананың немесе заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда ғана вакцина салынады", - деді Цой үкімет отырысында.
Айта кетсек, бұған дейін министр елімізде қайта вакциналау 22 қараша басталатынын айтқан болатын. Ал келесі жылдан бастап ревакцинация жаппай жүргізіледі.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии