Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан президенті – Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшының төрағалығымен кезекті Стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті.

Мемлекеттік орган басшылары президентке гибридті қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл шаралары мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру жөнінде баяндады.

Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.