Қазақстандық танымал әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әзілкеш әлеуметтік желідегі парақшасында бірінші қарашадан бастап 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының продюсері қызметіне кіріскенін жазды.
"Өмірімнің өрнегі – шығармашылық жолымның жаңа белесіне қадам басқалы отырмын. 1 қарашадан бастап Қазақстанның ақпарат айдынында орны бөлек 31 арнаның ойын-сауық бағдарламарының продюсері қызметіне кірісемін. Жуырда ғана арна басшылығы ауысып, Құрманбек Жұмағали бастаған заманауи көзқарасы бар медиаменеджерлердің жаңа толқыны келді. Қазір ұжымның қолға алып отырған жоба-жоспарлары менің де көңілімнен шықты", - деп жазды Қабатов.
Ол ауқымды тележобаларды іске асыру туралы ұсыныс түскенде ойланбастан қабыл алғанын жеткізді.
Патша көңілді көрермен көңілінен шығамыз деп ойлаймын, деп түйіндеді ол.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии