Әлеуметтік желілерде үлкен тас жігітті басып қалған сәт түсірілген видео таралды. Төтенше жағдайлар департаменті видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желілердегі танымал топтарда, Двач ресейлік танымал Telegram-арнасында жарияланды.
Видеоға қатысты Төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді.
"Бұл 2 жыл бұрын, 2019 жылғы жазда Алматы облысының Текелі ауданында болған. Жігіт аман-есен, қазір Новосибирскіде оқиды", - деді видео авторы Төтенше жағдайлар департаментінің өкіліне.
Құтқарушылар бұл факт бұрын ТЖД мен Алматы облысының басқа мемлекеттік органдарына хабарланбағанын айтты.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии