Сатушының айтуынша, дүкенге келген сатып алушы мас болған, соңы кісі өлімімен аяқталған жанжал туғызған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Облыстық ДП мәліметінше, 17 қазанда сағат 10 шамасында Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарасай ауданы, Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы бұл ақпаратты растады. Тергеушілер жедел-криминалистика департаменті, учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге марқұмның жеке басын анықтады. Ол - 54 жастағы Тұрар ауылының тұрғыны. Осыдан кейін Жібек жолы ауылының 39 жастағы тұрғыны ұсталды, ол басында бәрін жоққа шығарғанымен, кейін дәлелдерді көрсеткеннен кейін кісі өлтіргенін мойындап, қылмыс құралы - пышағын берді", - деді облыстық ДП.
Дүкен сатушысы мен сатып алушы арасында жанжал туындағаны белгілі болды, нәтижесінде сатушы сатып алушының кеудесінен пышақпен ұрған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласындағы төбелес кезінде Қазақстан азаматы пышақ жарақатынан қайтыс болған.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии