Гамалея атындағы эпидемиология және микробиологияны зерттеу орталығы жасаған балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина атауы "Спутник М" қойылуы мүмкін. Бұл туралы орталық директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.
"Спутник" болып қалатын шығар, туберкулезге қарсы вакцина сияқты оған да М әрпі қосылуы керек. "Кішкентайлар" дегенді білдіреді", - деді Гинцбург.
Бұған дейін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Гамалея Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығынан жасөспірімдерде COVID-19-дың алдын-алу үшін "Гам-КОВИД-Вак-М" вакцинасын тіркеуге құжаттар алған. Вакцина тіркелген жағдайда жасөспірімдерге екпе ерікті түрде болады, деді елдің денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии