Синоптиктер 14-16 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, осы аралықта антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек 16 қазанда Солтүстік-батыс циклонынан күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады.
"Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі, шаңды дауыл сақталады. Ауа температурасы күндіз батыста, солтүстік-батыста 15....23 градус жылы, солтүстікте, шығыста және орталықта 7...15 градус жылы, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 12....21 градус жылы", - делінген хабарламада.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии