Алматыда Skoda жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп, қызды қағып кеткен. 12 жасар қыз оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 8 қазан сағат 18.30-да Skoda Rapid жүргізушісі Нұрлытау ықшамауданынан Сапаржол көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, 5 "А" үйіне қарама-қарсы жаяу жүргіншіні қағып кеткен, ол деректер бойынша рұқсат етілмеген жерді кесіп өткен.
"Осы ЖКО салдарынан 2009 жылы туған жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии