Қазақстанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Поделиться:
Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


6 қазандағы № 45 қаулыда "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы" қаулыға өзгерістер енгізілген.

Қаулыға сәйкес, Аргентина Республикасы, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылды.

Еске салайық, 2021 жылдың шілдесінде Қазақстан Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Қырғыз Республикасы мен Молдова Республикасының вакцинация төлқұжаттарын жарамды деп таныған еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также