Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салу науқанын бастау мерзімін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі кезде иммунизация жөніндегі комиссия қанша вакцина салу қажеттігін, вакцинаның қай түрі болады және оның мөлшерін қарастырып жатыр. Жақын арада ведомствоаралық комиссияға ревакцинацияға қатысты ұсыныстар енгізіледі. Біз әлемдік тәжірбиені жіті бақылап отырмыз. Әрбір мемлекет оны әрқалай жасайды. Бірақ басым бөлігі 6-9 айдан кейін вакцинаны қайта салу қажеттігін қолдап отыр", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакциналауды былтыр бастаған мемлекеттер ревакцинацияны іске асыруға кірісті.
"Ол елдерде вакциналау науқаны өткен жылы қараша-желтоқсан айларында басталған. Демек екінші компонентті алғаннан бері 9 айдан астам уақыт өтті. Осыған байланысты вакцинаны қайта салу шаралары басталып жатыр. Бізде оның мерзімі қараша-желтоқсан айына келіп тұр (Қазақстанда жаппай вакциналау 1 ақпанда басталды - Sputnik)", - деп атап өтті Цой.
Оның сөзіне қарағанда, қараша айында дейін ревакцинацияға қатысты нақты шешім қабылданады.
Цой вакцинаны қайта салдыру мерзімін атады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
06.10.2021
Ақтөбе облысында жетім балалардың қамқоршылары ақша жымқырды
06.10.2021
Минздрав озвучил прогноз по COVID-19 на осень
06.10.2021
Решение о ревакцинации от коронавирусной инфекции могут принять в ноябре - А.Цой
06.10.2021