Шымкент мектептерінің бірінде үш бала бұрыш баллонынан уланып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 5 қазанда сағат 10.30-да болған. Үш жедел жәрдем қызметі бригадасының мамандары жеті оқушы мен бір мектептің қызметкеріне алғашқы медициналық көмек көрсетті.
"Белгісіз затқа уланған үш оқушы Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдем қызметімен жеткізілді. Ауруханаға жеткізілген науқастар құсқысы келіп, тамағы ашып, бас айналуына шағымданған. Жасөспірімдердің барлығына ауруханада оксигенотерапия емі бойынша медициналық көмек көрсетілді. Оқушылар екі сағат бақылауда болып, жағдайының жақсаруына байланысты үйлеріне қайтарылды", - деді ведомство өкілдері.
Шымкент полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.
Aibat жаңалықтар қызметінің мәліметінше, үзіліс кезінде 9-сынып оқушысы бұрыш баллонын шашқан. Спрей қыздың әкесіне тиесілі.
Шымкент мектебінде үш бала бұрыш баллонынан уланып ауруханаға түсті
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}