Әйелі мен екі баласын аман алып қалды, алайда тұңғышын құтқарып үлгермеді

Поделиться:
Степногорскіде өрттен бес жасар бала көз жұмды. Оның ата-анасы үйден екі баланы ғана алып шығып үлгерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Қайғылы оқиға Ақмола облысында Степногорск түбіндегі Байқоныс ауылында таңғы сағат жетіде болған.


"85 шаршы метр аумақтағы екі пәтерлі үйден өрт шықты. Бұл үйде бес адам тұрған. Отағасы әйелі мен екі баласын құтқарып қалды. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған үлкен ұлы көз жұмды. Күйік шалған ер адам ауруханада жатыр", - деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 07.14-те оқшауланып, 07.46-да сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ алты қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также