Бірінші қазанда Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады. Сол кезеңде зауыт жұмысын тоқтатады, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Жөндеу жұмыстары барлық технологиялық құрылғыларда жүргізілетін болады. Жөндеу қазанның соңына дейін аяқталып, зауыт толыққанды жұмыс істеуге көшеді деп жоспарланған.
"Зауыт жұмысы тоқтаған уақытта өзге қазақстандық мұнай өңдеу кәсіпорындары (Атырау және Шымкенттегі зауыт) күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, елдегі мұнай өңдеу зауыттарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жылда кестеге сай жүргізіледі. Күрделі жөндеу үш жылда бір рет жүзеге асырылады. 2018 жылдан бері мұнай өңдеу зауыттарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.
Биыл жөндеу жұмыстарының уақыты екі рет шегерілді. Бірінші рет жоспарлы жөндеу жұмысы шілдеден қыркүйекке, кейін қыркүйектен қазанға ауыстырылды.
"Жөндеу жұмыстарын шегерудің негізгі себебі ішкі нарықтағы жанар-жағар май тұрақтылығын қамтамасыз ету және егін ору науқаны кезіндегі сұранысты өтеу", - дейді кәсіпорындағылар.
Павлодар мұнай-химия зауыты мұнай өнімдерінің бірнеше түрін өндіреді. Олардың қатарында түрлі маркалы автокөлік бензині, дизельдік отын, реактивті отын, техникалық күкірт, битумның бірнеше түрі, мұнай коксі, техникалық көміртек өндіруге арналған шикізат бар.
Қазанда Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын тоқтатады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
29.09.2021
Население Казахстана стареет: доля пожилых людей в стране достигла 11%
29.09.2021
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды
29.09.2021
Оқушы қыздан есірткіге тәуелділікті тудыратын 200-ден аса таблетка тәркіленді
29.09.2021