Қазақстанда БАҚ саласында жаңа ұғымдар енгізіледі

Поделиться:
Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізіліп, жаңа медиаға анықтама беріледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа технологиялардың дамуына байланысты БАҚ-ты заңнамалық дамыту мәселесін пысықтап жатырмыз. Атап айтар болсақ, заңға өзгертулер енгізуді жоспарлап отырмыз. Оны журналистер қоғамдастығымен талқылаймыз және ол 2023 жылы қабылдануы мүмкін, - деді вице-министр "Astana Media Week – 2021" медиа апталығы аясындағы "Медианы дамыту стратегиясы" атты дөңгелек үстел барысында.
Оның атап өтуінше, бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізілетін болады.

Жаңа медиаға анықтама береміз. Бұл - интернеттегі барлық жаңа платформалар, дамушы ақпараттар. Оған іздеу жүйесін, ОТТ платформасы мен әлеуметтік желілерді жатқызамыз. Қазақстандағы жұмыс ережесін бекітеміз. Медиа-өлшем процедурасы заңнамалық тұрғыда енгізіледі. Біз үшін Қазақстанда медиа-өлшем жаңа технологияларды қолданумен болғаны және халықты 100 пайыз қамтығаны маңызды. Бұл барлық қазақстандықтың қандай медианы ұнататындығы түсінікті болуы үшін қажет, - деді Кемелбек Ойшыбаев.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также