Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Үмбетәлі ауылында екі адамның түн ішінде үйір жылқыға оқ жаудырғаны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олардың бірі бұрын полицияда жұмыс істеген.
Оқиға 19 қыркүйекте болған еді. Редакциямызға шағымданған тұрғындар араққа тойып алған екі адамның жайылып жүрген жылқыларға оқ жаудырғанын, салдарынан екі айғырдың өліп қалғанын айтқан. Оқиға орнына жеткен учаскелік полицей болса тұрғындардың шағымы дәлелсіз деп, оқ атқан екеуге тимепті. Жазаланбайтынын білсе керек, араға 2-3 күн салып әлгі екеу тағы бір жылқыны майып қылған. Екі аяғы бірдей сынған малды иесі сойып алды. Ал, облыстық Полиция департаменті болса екеудің тек біреуі ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Аталған жағдай 22.09.2021 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылының маңында орын алған. Жайылымда жүрген бір бас жылқының жаралану дерегі бойынша ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігіне («Жануарларға қатыгездік көрсету») сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда осы қылмысты жасады деген күдікпен 39 жастағы Үмбетәлі ауылының тұрғыны анықталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Істің толықтығын, жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген аталған хабарламада.
Яғни, полиция жылқыларды атып өлтіру дерегі бойынша әлі іс қозғамаған сыңайлы.
Айта кету керек, жергілікті тұрғындар жылқыларды атқан екі адамның бірі бұрын полиция қызметкері болғанын айтты. Қылмыстық іс оның емес, серігінің үстінен қозғалған.
«Экс-полицейге тимеді»: Алматы облысында жылқыларды атып өлтірген екі адамның тек біреуі ғана ұсталды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
24.09.2021
Самолет Air Astana экстренно сел в аэропорту Атырау
24.09.2021
Елімізде 900 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
24.09.2021
Коронавирустың пайда болуына қатысты жаңа болжам айтылды
24.09.2021