Павлодарлық шенеунік онлайн-қабылдауда дауыс көтеріп сөйлескені үшін ескерту алды. Қызметтік тергеуді ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің өңірлік департаменті жүргізді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
26 тамызда Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова өткізген онлайн-қабылдауға "Алтын бата" ҚҚ директоры Евгения Стельвага жазылған.
Қоғам белсендісі ментальді бұзылыстары бар балаларды наркозбен стоматологиялық емдеу туралы мәселені көтерді. Ерекше қажеттіліктері бар баланы стоматологиялық креслода ұстау және қозғалмауды сұрау қиынға соғады, ал бормашина бұрғысының айналу жылдамдығы минутына 400 мың айналымға жетеді. Мұндай жағдайда бала кенеттен қатты қозғалатын болса, оның өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы - тістерді наркоз кезінде емдеу. Мұндай балаларды Екібастұздағы қалалық ауруханана қабылдады.
Бұл сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Буратаева онлайн режимде жауап берді.
Бұл іс қаралған этика кеңесінде департамент басшысының орынбасары: "Бізге балаларды қайда апару керектігін айтудың қажеті жоқ" деп жауап бергені белгілі болды.
"Алтын бата" ҚҚ директоры мемлекеттік қызметшінің дауыс көтеріп сөйлегеніне эмоциямен жауап берген және Гүлнар Буратаева дұрыс жауап бермегені үшін бірден кешірім сұрады.
Басқарма басшысының орынбасары сол күні Zoom байланысы дұрыс болмағанын, сондықтан қатты сөйлеуге тура келгенін түсіндірді.
«Мен "бізге балаларды қайда апару керектігін айтудың қажеті жоқ" деп айтқанымда пандемия кезінде Екібастұзға ерекше қажеттіліктері бар балаларды стоматологиялық емдеуге апарудың қажеті жоқ екенін айттым. Екібастұз қалалық ауруханасы жұқпалы аурулар госпиталі ретінде қайта жабдықталды. Сондықтан балаларды қауіп-қатерге душар етуге құқығым болған жоқ еді. Павлодарда № 1 қалалық аурухананың жанында осындай балаларға стоматологиялық көмек ұйымдастырылған, - деп түсіндірді Гүлнар Буратаева.
Тәртіптік жазаға байланысты кеңес мүшелерінің пікірлері екіге бөлінді. Нәтижесінде көпшілік дауыспен "ескертуге" тоқтады.
Павлодарда шенеунік онлайн-қабылдауда дауыс көтеріп сөйлескені үшін ескерту алды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
17.09.2021
20 қыркүйекте 328.00 нысанын ұсыну мен жанама салықтар төлеу мерзімі бітеді
17.09.2021
Почему казахстанцы продолжают покидать страну
17.09.2021
Тараз маңындағы жарылыстар: қаза болған әскери прокурор құрметіне ескерткіш тақта ашылды
17.09.2021