Таразда жүргізуші 4 адамды қағып кетті: екеуі қаза болды(ВИДЕО)

Поделиться:
Таразда жүргізуші төрт адамды қағып кетті. Зардап шеккендердің екеуі оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов мәлім етті. Оқиға 15 қыркүйекте болған.

"Таразда Сейфуллин көшесімен Бауыржан Момышұлы көшесіне қарай келе жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылған", - делінген хабарламада.

Факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также