Оралда түнгі клуб маңында төбелес шығып, ер адам қаза тапты

Поделиться:
Орал полицейлері 11 қыркүйекте түнде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы ойын-сауық кешендерінің бірінің маңында болған төбелеске қатысушыларды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, 11 қыркүйекке қараған түні сағат шамамен 00:08-де Назарбаев даңғылының бойында төбелес болғаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, 25-30 жас шамасындағы белгісіз ер адамның мәйітін тапты. Кейіннен оның 1992 жылғы БҚО тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда аса ауыр қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Құзырлы органдар қылмыс куәгерлерін Абай полиция бөліміне не болмаса 102 номеріне хабарласуды сұрайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также