Елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Соңғы екі аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақталып жатқаны байқалады. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есеге төмендеді", - деді Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Ал эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, он екі өңір "қызыл" аймақтан шықпай тұр. Соңғы аптада "сары" аймаққа төрт облыс ауысты. Олар: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары. Ал Түркістан облысы "жасыл" аймақта тұр.
"Соңғы бір ай ішінде коронавирус инфекциясының таралу индексі 17 процентке төмендеді. Ал инфекциялық төсек-орынға науқастарды жатқызу көрсеткіші 56 проценттен 36-ға дейін түсті. Сондай-ақ, жансақтау бөліміне түсетін науқастардың саны 45 проценттен 36-ға дейін төмендеді", - деп атап көрсетті Шоранов.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде республика бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған адамдар саны 7 миллионға жақындады. Ал екі бірдей дозаны 5 миллион 755 мың адам салдырды.
Денсаулық министрлігі жағымды жаңалық жариялады
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}
Читайте также
08.09.2021
Более 20 тысяч казахстанцев заболели коронавирусом после вакцинации
08.09.2021
Қазақстан тұмауға қарсы ресейлік вакцинаның 2,5 миллион дозасын сатып алды
08.09.2021
Әр мамандықта әртүрлі. Қазақстанда биылғы шәкіртақы көлемі қандай
08.09.2021