Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Көлігінен мәжбүрлеп түсірілген жүргізуші қалай жазаланғаны белгілі болды

Поделиться:
Түркістан облысында полицейлер мәжбүрлеп ұстаған жүк көтергіш көліктің жүргізушісі жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Сот шешімі бойынша, Түркістан қаласының тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Осылайша, тәртіп сақшыларының кәсіби іс-әрекеті арқасында соңы қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі уақтылы тоқтатылды", - делінген сайтта.


Айта кетейік, оқиға 5 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Ерубаев көшесі бойында болғаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде полицейлер жол бойында жүргізушіні көлігінен мәжбүрлеп түсіріп жатқаны түсірілген видео таралды.

Ведомство мәліметінше, түркістандық полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіні тез арада ұстап, жол апатының алдын алған. Үлкен көше бойында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші, өзге де көліктерге апаттық жағдай туғызғаны айтылды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также