Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Шымкентте әйел адам көпірден секірмек болды

Поделиться:
Шымкентте полицейлер суицид жасамақ болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.


Шымкент ҚПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің 12-рота инспекторлары М.Қуандықов, Н.Шувулдаков және Ж.Ағыбаев қызмет барысында көпірдің жақтауында тұрған әйелді байқайды. Полиция қызметкерлері жақындап келіп, әйелдің көпірден секірмек болғанын анықтайды.

Тәртіп сақшыларының бірі азаматшаны әңгімеге тарта бастағанда, екінші қызметкер ұстап алып, қауіпсіз орынға шығарады.

Осылайша, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әйелдің өміріне араша түсіп, суицидтің алдын алды.

Аталған жайт 31 тамызда сағат 22:00 шамасында Еңбекші ауданындағы көпірлердің бірінде орын алған. Өмірімен қош айтыспақ болған азаматша мән-жайды анықтау үшін Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также