Ресей мыңға жуық ауғанстандықты қабылдайтын болды
Енді РФ аумағына Ресей паспорты, елде тұруға берілетін ықтиярхаты немесе жұмыс визасы бар адамдар кіре алады. Сонымен қатар мұндай рұқсат ауғанстандық студенттерге де берілді.
Ауған диаспоралары орталығының өкілдері азаматтардың бірқатар санаты бойынша әлі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті.
24 тамызда ресейлік университеттерде білім алып жүрген ауғанстандық студенттер тобы жасырын түрде Ресей билігіне ашық хат жазған еді. 150-ден астам адам көмек сұрап, оларды Ауғанстаннан алып кетуін өтінген. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Ауғанстаннан алып кетуді сұрағандардың өтініштерінің барлығын тіркейтінін айтты. Ресей Федерациясының Кабулдағы дипломатиялық өкілдігі эвакуация мәселесі пысықталып жатқанын, рейстерді ашу қыркүйек айында сұратылатынын мәлім етті.
Бұған дейін Ресей азаматтығы бар Ауғанстанның 400-ге жуық азаматы Ресейдің Кабулдағы елшілігінен елден кетуге көмек көрсетуді сұраған болатын.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.