БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек миссиясы неге Алматыда орналасқаны айтылды
Бұл туралы ол ОКҚ-дағы онлайн-брифингте мәлім етті. Рахметуллиннің сөзінше, БҰҰ басшылығы Ауғанстан миссиясының қызметкерлерін уақытша орналастыратын жер ретінде бірнеше нұсқаны қарастырған.
"Алматыны таңдауына бірнеше фактор себеп болды. Мысалы, оңтүстік астанамыз қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі аймақтық орталығы саналады. Инфрақұрылымы дамыған, сондай-ақ, әлемнің басқа елдерімен әуе қатынасы қолайлы. Бұл тұста еліміздің өңірлік және ғаламдық қауіпсіздік бойынша абыройы зор рөл атқарды. Алматыны көпжақты әріптестіктің аймақтық орталығы деп атауға болады", - деді вице-министр.
Оның сөзінше, бүгінгі таңда Алматыдағы халықаралық ұйымдар ғимаратында БҰҰ-ның 18 агенттігінің өкілдері орналасқан.
Еске салайық, 18 тамызда Алматыға БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек миссиясының 141 қызметкері ұшып келген болатын. БҰҰ республика басшылығына қызметкерлерді уақытша қабылдап, қашықтан жұмыс істеуіне көмек сұрап жүгінген. Президент бұл ұсынысты қолдаған. БҰҰ қызметкерлері елде бірнеше ай болады деп болжанып отыр. Олардың шығынын БҰҰ көтереді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.