Алматыда арнайы операция жүргізіліп, "қылмыстық квартет" құрықталды
Бұл топтың құрамына Алматы мен Түркістан облыстарының 32 жастан 36 жас аралығындағы төрт ер адам кіреді. Ұстауға бірнеше минут қалғанда қаскөйлер кілтті таңдау арқылы Ақбұлақ ықшам ауданында орналасқан үйлердің біріне кіріп, сол жерден бөтеннің жалпы құны 500 мың теңгеден асатын мүлкін ұрлап кеткен. Ұрланған заттарды, тауарды және ақшаны тергеу-жедел тобы тәркіледі және ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген қылмыстық іс материалдарына тіркеді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық Полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Полициядағылар тергеудің осы кезеңінде ұсталғандардың қаланың Алмалы және Бостандық аудандарының аумағында осыған ұқсас тағы үш ұрлыққа қатыстылығы дәлелденгенін атап өтті. Криминалдық полицияның мәліметінше, әшкереленген “ұрылар” негізінен шаһардың орталық бөлігінде жүрген.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.