ІІМ журналист Қалыбек Атжанның өліміне байланысты шымкенттік дәрігерді тексеріп жатыр
Журналист Facebook парақшасында шымкенттік дәрігер Айна Бакеева ұсынған тыныс алу жаттығуынан кейін денсаулығының нашарлағандығын жазған болатын.
"2021 жылдың 11 тамызында қазақстандық журналист Қалыбек Атжанның 9 тамызда қайтыс болу фактісі бойынша шағым түсті. Ол 7 тамызда Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Айна Бакеева ұсынған тыныс алу жаттығуынан кейін денсаулығының нашарлағандығын хабарлаған.
2011 жылдың 11 тамызында аталған шағым ІІМ Ақпараттарды тіркеу кітабына тіркелді және Қылмыстық-процестік кодекстің 181-бабы 5-тармағы тәртібімен тиісінше тексеру жүргізу үшін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облыстық департаментіне одан ары беру мақсатында Жамбыл облыстық полиция департаментіне жіберілді", - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, Жамбыл облыстық полиция департаменті тексеруінің қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Еске салсақ, бұған дейін белгілі қазақстандық журналист Қалыбек Атжан дүниеден өткені туралы жазған едік. Қаралы хабарды президент көмекшісі Ерлан Қарин Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.