Өрт толық сөндірілді: Арыс тұрғындары үйлеріне оралды
Түркістан облыстық әкімдігінің мәліметінше, өрт 6 тамыз күні кешкі сағат 21.55-те толықтай сөндірілді.
«Арыс қаласының 60 қызметкері мөлтекаудан тұрғындарының үйін күзетті. Енді тұрғындарға үйге қайтуға болады. Олардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ», - делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Еске салсақ, 6 тамыз күні сағат 16:25 минутта Арыс қаласының «Арыс» теміржол вокзалында жүк пойызының контейнерінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 2 контейнерде 54 тараға тиелген «сары фосфор» болған. Аталған пойыз Жамбыл облысынан Ресейге бет алған.
Өрт шыққан вагондар пойыздан ажыратылып, қауіпсіз жерге қойылды.
Сағат 17.50-де оқиға орнында жедел штаб құрылып, «Наурыз» мөлтекауданынан 1700 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 1050 адам туыстарының үйіне жайғасса, 650 адам уақытша ашылған 4 эвакуациялық пунктке орналастырылды.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан өрт сөндірілгеннен кейін ауа сынамасы алынды.
Өрт болған аймақта 291 адам, 42 техника және өрт сөндіру пойызы жұмыс істеді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.