Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленді
91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен ол жартылай финалда америкалық Ричард Торреспен жұдырықтасты. Үшінші раундта қазақстандық боксшының қабағы жарылып, Торрес техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша, Қоңқабаев Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді.
Бұған дейін Қоңқабаев ширек финалда ресейлік Иван Верясовтен басым болған еді. Ал 1/8 финалда мысырлық Есри Мұстафа Резкті сенімді жеңген болатын.
28 жастағы Қамшыбек Қоңқабаев Қызылорда облысында туған. 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2017, 2019 және 2021 жылдары Азияның вице-чемпионы атанған. Биылғы Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Қоңқабаев ту ұстап шыққан.
Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.