Ақтөбелік полицейлер екі айлық сәбиді аштықтан аман алып қалды (видео)

Поделиться:
Ақтөбелік полицейлер әбден әлсіреп қалған екі айлық нәрестені аштықтан аман алып қалды деп хабарлайды Хабар 24.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ішімдікке салынған ата-анасы бөбекті қараусыз қалдырыпты. Шақалақтың қайта-қайта жылағанын байқаған көршілері тәртіп сақшыларына хабарласады. Дереу жеткен инспекторлар нәрестеге сүт беріп, жаялығын ауыстырған. Әбден әлсіреп қалған бөбекті полиция бөлімшесіне әкетіпті.

Ал ішімдікке сылқия тойған анасы мен әкесі қасында болса да, баланың жағдайына бас ауыртпаған көрінеді. Абырой болғанда нәрестенің денсаулығына нұқсан келе қоймаған.

Дегенмен әзірге дәрігерлердің бақылауында болады. Содан кейін бөбектер үйіне тапсырылуы тиіс. Баласына бас ауыртпаған анасына қатысты шара қолдану көзделген.

"Ата-анасын, біріншіден, есепке аламыз. Содан кейін іс-құжаттары жинақталып, ата-ана құқығынан айыруға материал жинақтап сотқа жібереміз", - деді облыстық ПД №1 ҚПБ инспекторы Ұлан Ешжанов.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также