Алматыда полицейлер әйел адамның аяқ-қолын сындырып тастаған
Айтуынша, оны Наурызбай ауданының учаскелік испекторы ұрып тастаған. Мен терезенің темірлеріне жармасып алдым. Бірақ инспектор аяғымды сындырып тұрып, мені ажыратып әкетті. Кейіннен машинаға сүйреп кіргізді, – дейді әйел.
Бұған қоса, ол полицейлердің еш түсіндірместен бөлімшеде ұстағанын айтады. Айтуынша, қашуға тырысқанымен, алысқа ұзай алмаған.
Мен қабылдау бөлімінің терезесін ұстап, жібермей қойдым. Алайда бұл оны тоқтата қоймады: инспектор саусағымды сындырып тастады. Содан соң сыртқа шығарып ойына келгенін істеді. Қолымды сындырды. Камерадан таса жерге алып барып, түрмеге отырғызамын деп бопсалады. Сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін онымен арпаластым. Мені кінәлі етпекші болды, – деп қосты тұрғын.
Алматы қалалық ПД бұл оқиға жайлы пікір білдірді. Тәртіп сақшылары 29 жастағы келіншектің өзінің ата-әжесін қорқытып ұстап отырғанын, осыған байланысты оған ескерту жарияланғанын атап өтті.
28 мамырда 1943 жылы туған кейуана егде жастағы қарияларға қол көтерген немересіне қарсы арыз жазды. Сондай-ақ әжей әйелдің жанжал кезінде қарттарды көшеге қуып, ұрып-соғып, өгей ағасын түрмеге жабамын деп қорқытатынын жеткізді, – делінген ПД хабарламасында.
ПД өкілдері әйелдің әкімшілік сотқа келмегендіктен тәртіп сақшылары оны мәжбүрлеп жеткізгенін алға тартады. Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін полицейлер әйелдің үйіне күн сайын тексеру жүргізеді екен.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.