Токио Олимпиадасы: Бекзад Нұрдәулетов ресейлік боксшыдан жеңілді
81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалда ресейлік Имам Хатаевпен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.
Осылайша, бесінші боксшымыз Токио Олимпиадасымен қош айтысты. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит, Серік Теміржанов пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.
23 жастағы Бекзад Нұрдәулетов - Маңғыстау облысының тумасы. 2019 жылы әлем чемпионатында топ жарған.
Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.