"Балконнан ірі сомада ақша лақтырған": Петропавлда 93 жастағы әжей алаяқтарға оңбай алданып қалды
Ведомствоның мәліметінше, 22 шілде күні кешке қаскөйлер 93 жастағы әжейді алдап соққан.
Оның үй телефонына қоңырау шалып, немересін полицияға әкетіп бара жатқанын айтқан. Олар мәселені шешу үшін зейнеткерден 5 мың доллар талап еткен.
Қорыққан зейнеткер өзінің бар жиған-терген 300 мың теңгесін ұсынған. Оған балконға келген әйелге ақшаны лақтыруды бұйырған. Аңғал әжей қаскөйлердің айтқанын орындаған.
Кейінірек, туыстарымен хабарласқан ол алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Осыдан кейін Петропавлдың қарт тұрғыны полицияға жүгінген.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелген. Қазір тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы барларды анықтап жатыр.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.