Нұр-Сұлтанда бір күнде үш бала көпқабатты үй терезесінен құлап кеткен
"Биыл 25 шілдеде сағат 17.39-да Күмісбеков көшесіндегі үйде төрт жасар бала 5-қабаттағы терезеден құлап кетті. Бала күтушінің үйінде болған. Бала терезеден құлап кеткен сәтті күтуші үйінде ұйықтап жатқан. Түрлі деңгейдегі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Баланың анасы Бурабайға демалысқа кеткені анықталды", - деді қалалық Полиция департаментінің өкілі тілшіге.
Тағы бір оқиға сол күні сағат 19.30-да болған. Полиция мәліметінше, 6 жасар қыз Қосшығұлұлы көшесіндегі үйдің екінші қабатынан жертөленің күнқағарына құлаған. Баланың әкесі осы уақытта көшеде болған.
"Сондай-ақ, 26 шілдеде аудандық полиция бөліміне ауруханаға 5 жасар бала жеткізілгені туралы хабар түсті. Тексеру барысында түнгі сағат бір шамасында кішкентай қыз С. Кубрин көшесіндегі үйдің 3-ші қабатындағы терезеден құлап кеткені анықталды. Түрлі деңгейдегі жарақаттармен бала реанимация бөліміне жатқызылды. Бұл уақытта баланың ата-анасы үйде болған. Бала өзінің бөлмесінде болған", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Полиция ақпаратына сүйенсек жыл басынан бері елордада көпқабатты үй терезесінен 18 бала құлап, бір бала көз жұмған.
Полиция ересектерге қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауға кеңес береді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.