Ақтөбе облысында Sun Finance Cup турнирі өтеді
«Маусым айында Маңғыстау облысында алғашқы турнир өтті, оған жүзге жуық ауыл балалары қатысты. Турнирдің жеңімпазы Ақшұқыр ауылының командасы - Aqshuqyr ФК болды », - деп толықтырды С.Мәмбетов.
Ақтөбе облысындағы турнир 24 және 25 шілдеде өтеді. Турнирге 8 команда, яғни 100-ге жуық балалар қатысады. Бірінші күн - іріктеу матчтарының күні. Екінші күн - плей-офф кезеңі, оның қорытындысы бойынша алтын, күміс және қола медальдардың иегерлері анықталады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сондай-ақ, комиссия «Үздік бомбардир», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша ойыншыларды анықтап, марапаттайды.
Жыл басынан бері #АуылФутбол жобасы бірнеше турнирлер өткізді. Жоба аясында сонымен қатар Футбол Уикенді ұйымдастырылды, ол жарыстарды, жаттықтырушыларға арналған дәрістер мен семинарларды, сонымен қатар балалар мен жаттықтырушыларғаарналған экскурсияларды қамтиды.
#АуылФутбол жобасы 2020 жылдың қаңтар айында Алматы облысы, Райымбек ауылында басталды. Жобаның бастамашысы - журналист және қоғам белсендісі Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі идеясы - ауылдағы балалар футбол командаларына көмек көрсету.
Жобаны жүзеге асыру барысында 30-дан астам ауыл командаларына спорттық киімдер, жабдықтар, доптар және т.б қажетті саймандар табысталды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.