Ақтауда түрме жатақханасының қирауынан көз жұмған азаматтың бостандыққа шығуына 8 ай қалған
Қазір оқыс оқиғаға байланысты ішкі істер министрлігінің өкілдері түрме аумағында тексеріс жүргізіп жатыр. Арнайы құрылған комиссия да, абақты басшылығы да әзірге қандай да бір мәлімет бермеді.
Оқыс оқиға кезінде қаза тапқан марқұмның туысының айтуынша, інісі 12 жылға сотталып, бостандыққа шығуына бірнеше ай қалғанда көз жазып қалған. Марқұмның денесі қазір мәйітханада жатыр. Туған әпкесі інісінің өліміне түрме басшылығын айыптап отыр.
"Осы түрмеге әуелі екі аяғымен келді ғой. Түрмеде отырғандарға рақымшылық болмай ма?. Мына басшылар не бітіріп отыр? Кезінде амнистия болғанда, мүмкін мұндай жағдайға тап болмас еді. Енді шығуға 8 ай қалды ғой. Шығады деп отырып, дәметіп отырғанда мына түрменің тасынан ажалы болып отыр ғой", – дейді марқұмның туысы. Көпбейінді ауруханада 8 сотталушының 4-еуі жеңіл жарақатына байланысты кері қайтарылған дейді дәрігер.
Ал, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы өте ауыр. Қазір дәрігерлердің бақылауында.
"3 адам травмотология бөліміне жатты. 1 адам реанимацияда жатты. Ол кісі қазір аппаратқа қосылған. Қол-аяғы сынған. Миы шайқалған. Өкпесіне қан жиналған. Қазіргі таңда травмотология бөлімшесінде жатқан 3 науқастың жағдайлары қалыпты. Емін алып жатыр", – көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Айберген Сәуірбаев.
Жалпы ГМ 172/6 қатаң режимдегі абақтыда 600-ден астам сотталушы жазаларын өтеп жатыр. Екі қабатты жатақхананың төбесінің неліктен опырылып кеткені әлі белгісіз. Бұл оқыс оқиғаға қатысты қазір қызметтік тексеріс жүргізілуде.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.