Тоқаев басты қауіп-қатерді атады

Поделиться:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканың дамуы мен халықтың әл-ауқатына қауіп төндіріп отырған негізгі мәселені атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Басым бағыттар тізімінде инфляция мәселесі тұруға тиіс. Соның ішінде азық-түлік инфляциясы да бар. Қазақстандағы инфляцияның өскенін бәріміз білеміз. Бірақ ондай жағдай көрші елдерде ғана емес, әлемдік экономикада байқалып отыр. Дегенмен Қазақстандағы инфляцияның өсуі еліміздің экономикалық дамуына және әлеуметтік әл-ауқатына қауіп төндіріп отыр. Бұл – үлкен қауіп-қатер", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы үкімет пен ұлттық банкке осы мәселені ерекше бақылау қажеттігін жеткізді.

"Бұдан бөлек, ұлттық банк Ұлттық қордың жағдайын үнемі бақылауда ұстауы керек. Біз пандемия кезінде Ұлттық қордың қаржысын пайдаландық. Бюджет ұстап отырдық. Бірақ стратегиялық жоспардың басты мақсаты – Ұлттық қордың резервін арттыру. Энергия ресурстарының бағасы да өсіп келеді", - деп түйіндеді президент.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также