Сабуров Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы ойын айтты

Поделиться:
Қазақстандық және ресейлік комик Нұрлан Сабуров Esquire журналының ресейлік нұсқасының бас редакторы Сергей Минаевқа берген сұхбатында Қазақстандағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сабуров Минаевтың әзілін қолдай отырып, мұндай жағдай елде кең таралғаны сонша оны "мемлекеттік деңгейде қолдайды" деп айтуға болатынын жеткізді.

"Менің ойымша, бұл Конституцияда жазылған", - дейді Сабуров әзілдеп.

Ол кейде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы әзілдеген кезде, Ресейде мұны ирония ретінде қабылдайтынын айтты, ал Қазақстанда: "Дұрыс, дұрыс, әйелдерді ұру керек. Мен дұрыс айтып тұрмын ғой? Дұрыс. Яғни, кейбіреулер, әрине, бәрі бірдей емес", - деді комик.

Сабуров Минаевқа Қазақстанда феминистік қозғалыстың деңгейі Ресейге қарағанда "өте қарапайым деңгейде" екенін айтты.

"Ол (феминизм тақырыбы. - автор.) бар, бірақ тек ірі қалаларда. Бізде әйелдерге деген қарым-қатынас мәселесі шешілмей тұр, тұрмыстық зорлық-зомбылық өте кең таралған. Қазір бұл мәселе қарқын алып келеді, ал дұрыс ойлайтын адамдар мұны әлдеқайда жақсы қабылдайды", - деді Нұрлан Сабуров.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также